Шымкентте қоғамдық орындарды ластағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шымкент қаласында «Құқықтық сананың деңгейін арттыру» бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын басты бағдар етіп, тәртіп сақшылары үздіксіз жұмыс атқаруда. Шымкент қаласында тұрғындардың экологиялық сауатын арттыру, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыстар жүзеге асырылуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстар қоғамдық орындардың тазалығын сақтау күн тәртібінде тұр.
Шымкент қаласының полициясы жыл басынан бері 2 500-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде көшелерде, саябақтарда, қоғамдық орындарда темекі тұқылдарын тастау фактілері басым. Тұрғындар мен туристер қоғамдық орындардың тазалығын сақтау талабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни, оларға айыппұл салынды. Өкінішке қарай, қоршаған ортаны ластамау қағидасын ұстанатындардың қарасы қалың деп айта алмаспыз. Көшеге қоқыс тастай салу, көлік терезесінен темекі тұқылын лақтыру кейбіреулерге қалыпты жағдай болып көрінуі мүмкін. Бірақ көпшілік пайдаланатын орындардың тазалығына ұқыптылықпен қарау әр тұрғынның міндеті.
Полиция тарапынан жүргізіліп жатқан рейдтердің басты мақсаты — тұрғындарға қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ, темекі тұқылдары мен басқа да қоқыстарды белгіленбеген жерге тастамауға шақыру.
Cоңғы жылдары экология мәселесі әлем бойынша өзекті болып, әр мемлекет оның шешіміне қатысты түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Шымкент қаласында да осындай бастамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен экологиялық ұйымдар арасында бірлескен жұмыстар жүргізіліп, тұрғындардың көңілінен шығатын иновациялық шешімдер ұсынылуда.
Экология мәселесіне қатысты білім беру ұйымдарында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындарды тазалауға бағытталған акциялар өткізу — басты бағыттарының бірі. Сонымен қатар, апта сайын Шымкентте сенбілік өткізіледі. Оған қатысушылардың да қарасы қалың. Экологиялық тақырыпта дебаттар да ұйымдастырылуда.
Барлық тұрғындар, әсіресе жастар, экологиялық жауапкершілікті сезінуге, өз қаламыздың және еліміздің табиғатын сақтауға атсалысуға тиіс.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері рейдтік шараларды жалғастыра отырып, қажет болған жағдайда айыппұлдарды көбейту, ескерту шараларын енгізу секілді қадамдар арқылы заңнамалық шараларды күшейтуге ниетті. Өйткені, тазалық тек қала әкімдігі мен полицияның емес, әрбір азаматтың міндеті. Тазалық сақтау — белгісі, сондықтан да әркімге өз жауапкершілігін сезінуге шақыру керек. Бүгінде тәртіп қатаңдатылған, соған орай қоғамдық орындарды ластаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұны әр тұрғын жадында ұстағаны ләзім.
Шымкентте қоғам мүшелерінің экологиялық тұрғыдан жауапкершілігін арттыра отырып, «Таза Қазақстан» акциясының сәтті жүзеге асырылуы осы бағыттағы жұмыстардың барлығы тек оң нәтижелерге әкеледі. Тек сол кезде ғана біз таза, әдемі, әрі экологиялық жағынан қауіпсіз ортада өмір сүретін боламыз.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026