Ыстанбұлдың бұрынғы әкімі Экрем Имамоглу екі жылға сотталды
Түркия соты Ыстанбұлдың бұрынғы әкімі Экрем Имамоглуды екі жыл бір айға бас бостандығынан айырды, саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл туралы Hürriyet басылымы жазады.
Имамоглуға оппозициялық Республикалық халық партиясының 38-съезінде делегаттар дауысын бұрмалады деген айып тағылған. Бұл саясаткердің алғашқы сотталуы емес. Биыл қыркүйекте Түркия соты оны тағы бір іс бойынша екі жыл бір айға түрмеге қамау туралы үкім шығарған. Ол кезде Имамоглуға 2022 жылы Ыстанбұлдың Тұзла ауданының бұрынғы басшысы Шади Языджи туралы айтқан сөздері үшін айып тағылған.
Ал былтыр наурызда Ыстанбұлдың сол кездегі мэрі сыбайлас жемқорлыққа және Түркияда террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясына көмектесті деген күдікпен қамауға алынған еді.
Экрем Имамоглу Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыластарының бірі саналады. Оппозиция оны алдағы президент сайлауында өз кандидаты ретінде ұсынуды жоспарлаған.
Оның ұсталуынан кейін Ыстанбұлда және Түркияның басқа қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті. Полиция шерушілерді тарату үшін су атқыш машиналар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026