Үй аларда оның маңында не барын енді онлайн білуге болады
Қазақстан тұрғын үй компаниясы (ҚТК) «Тұрғын үй порталы» платформасында жаңа функционалды іске қосты. Енді пайдаланушылар тұрғын үй кешенін таңдамас бұрын оның орналасқан жері мен маңындағы инфрақұрылымын бағалай алады.
«Орналасқан жерді талдау» деп аталатын жаңа құрал таңдалған тұрғын үй нысанының айналасындағы 2 шақырым радиустағы аумақты автоматты түрде зерттейді.
Жүйе әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігі, күнделікті қажетті тауарлар сатылатын дүкендер мен қызмет көрсету орындарының жақындығы, сондай-ақ аумақтың экологиялық сипаттамалары туралы мәлімет береді.
Бұл ақпарат тұрғын үй кешені орналасқан ауданның ерекшеліктерін ескеріп, болашақта сол жерде тұру қаншалықты қолайлы болатынын бағалауға мүмкіндік береді.
Жаңа функцияны пайдалану үшін «Тұрғын үй порталына» кіріп, қызығушылық тудырған нысанды таңдау керек. Одан кейін «Орналасқан жерді талдау» бөлімін ашу қажет.
Оқи отырыңыз: Үй аларда оның маңында не барын енді онлайн білуге болады
- Соңғы
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026