Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көкшетаулықтар зейнетақы қорын шешемін деген алаяққа 9 млн теңге берген

kz.kursiv.media

Көкшетаулықтар зейнетақы қорын шешемін деген алаяққа 9 млн теңге берген

Көкшетауда зейнетақы жинағын шешіп алуға және нарықтағы бағадан арзан пәтер алуға көмектесемін деп уәде берген 28 жастағы әйелге қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің әрекетінен төрт қала тұрғыны зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 9,1 млн теңгеден асқан.

Жәбірленушілердің бірі – 35 жастағы облыс орталығының тұрғыны. Оның айтуынша, танысы биыл ақпан мен тамыз айлары аралығында зейнетақы қорын шешуге және баспана алуға жәрдемдесуді ұсынған. Уәдеге сенген әйел оған 3 млн теңге көлемінде ақша бергенімен, уақыт өте келе не қызмет көрсетілмей, не қаражаты қайтарылмай қалған.

Полицияға түскен арыз бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті ретінде 28 жастағы Көкшетау тұрғыны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында дәл осындай тәсілмен тағы үш азаматтың алданғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдары зейнетақы жинағын шешуге немесе нарық бағасынан тым арзан жылжымайтын мүлік алуға көмек ұсынатындарға сақтықпен қарауға және қызметтің заңдылығына көз жеткізбей, тиісті құжат рәсімдемей ақша бермеуге шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін зейнетақы жинағының қанша пайызын валюталық активтерге салуға болатынын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар