Ұлттық құраманың Еуро-2028 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары кім болуы мүмкін
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне арналған жеребе тарту рәсімі алдында төртінші себетке түсті. Жеребе 6 желтоқсанда өтеді.
Себеттер құрамы 2026/27 жылғы маусымдағы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін жасақталды. Қазақстанмен бірге төртінші себетке Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары және Сан-Марино құрамалары енді.
Жеребе алдындағы себеттер құрамы:
Жеребе қорытындысы бойынша 54 құрама 12 топқа бөлінеді. Әр топта төрт немесе бес командадан болады.
Іріктеу турнирінің матчтары 2027 жылдың наурызы мен қарашасы аралығында өтеді. Топ жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік сегіз құрама Еуро-2028 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Еуропа чемпионатының тағы төрт қатысушысы Ұлттар лигасының нәтижелері ескерілетін плей-офф ойындары арқылы анықталады.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словакиямен тең түскен еді.
- Соңғы
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026