АҚШ соты студенттер мен журналистерге арналған визалық шектеудің күшін жойды
АҚШ федералды судьясы Дональд Трамп әкімшілігінің шетелдік студенттер мен журналистердің елде болу мерзімін шектейтін шешімін жойды, деп хабарлайды France 24.
Судья Деннис Сэйлор өз қаулысында бұл саясаттың «негізсіз, өкілеттікті асыра пайдалану және жалпы заңға қайшы» екенін мәлімдеді. Бұл шешім университеттер, оқытушылар және журналистердің кәсіподақтар коалициясының АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарсы түсірген шағымы негізінде қабылданды.
Судьяның айтуынша, жаңа ережелер шетелдік студенттердің докторантурада ұзақ уақыт оқуына, қос диплом алуына және академиялық мамандығын ауыстыруына кедергі келтірер еді.
Қыркүйек айында күшіне енуі тиіс болған бұл ережелерді судья бұған дейін уақытша тоқтатқан. Қазір Трамп әкімшілігі жоғары тұрған сотқа апелляциялық шағым түсірді.
- Соңғы
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026