Қазақстан жаһандық инновациялар рейтингінде сегіз сатыға көтерілді
Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индекстің 46 көрсеткіші бойынша өз позициясын жақсартты, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) жалпы рейтингінде еліміз 139 экономиканың ішінде 81-орыннан 73-орынға көтерілді.
СІМ мәліметінше, бұл – Қазақстанның соңғы он жылдағы ең үздік нәтижесі. Еліміз Орталық Азияда көш бастап, Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында Үндістаннан кейін екінші орынға табан тіреді.
19 қазанда Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған инновацияларды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Енді мемлекеттік қолдау бөлу кезінде жобаның нақты технологиялық және экономикалық нәтижесіне басымдық беріледі. Әсіресе бизнес мәселелерін шешетін, зертханалық сынақтан өтіп, прототип деңгейіне жеткен (TRL 4-6) бағдарламалар қолдау табады.
Құжат аясында гранттар бөлу, жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын ғылыми зерттеулерге орталықтандырылған түрде бағыттау, стартаптар мен венчурлық нарықты дамыту және жасанды интеллект мамандарын даярлау көзделген.
Сонымен қатар, биыл сәуір айында бастамаларды үйлестіру үшін Инновацияларды дамыту кеңесі құрылды.
- Соңғы
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026