Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Петропавлда Ozon мен Alibaba-ның логистикалық кешені салынады

kz.kursiv.media

Петропавлда Ozon мен Alibaba-ның логистикалық кешені салынады

Петропавлда Ozon және Alibaba сауда алаңдарының тауарларын сақтап, өңдеп, таратуға арналған халықаралық логистикалық кешен салу жоспарланып отыр. KYZYLZHAR HUB жобасына 29 млрд теңгеден астам инвестиция салынады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.

Жобаны Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвесторлар жүзеге асырмақ. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Royal Investment International компаниясының құрылтайшысы Марат Салиховпен кездесіп, кешеннің тұжырымдамасын талқылады.

Болашақ кешеннің жалпы аумағы 102 мың шаршы метр болады. Оның құрамына азық-түлік пен халық тұтынатын тауарларды сақтайтын қоймалар, жүктерді қайта тиеу аймақтары және кеңсе ғимараттары кіреді.

Жоба «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл мақсатта көлік-логистикалық нысандарды орналастыруға арналған №8 қосалқы аймақ құрылған. Қазір оның бас жоспары әзірленіп жатыр.

Әкімдік мәліметінше, кешеннің құрылысы өңірге инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізуге мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы да жобаның маңызын арттырады. Өңір арқылы Ресейді Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен байланыстыратын автомобиль және теміржол бағыттары өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар