Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен ойнаудан екінші рет бас тартты
Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаевамен ойнаудан бір емес, екінші рет бас тартып отыр.
Оқиға турнирдің 17–20-орындары үшін өтіп жатқан кездесудің екінші ойын күнінде болды.
Карлсен алдымен блиц форматындағы төрт партияның барлығында жеңіске жетті. Кейін рапид форматындағы екі кездесудің бірінде жеңіске жетіп, екіншісін тең аяқтады. Жылдам классика форматындағы соңғы партия алдында есеп 10:2 болды.
Алғашқы ойын күнінде де 11,5:8,5 есебімен жеңіске жеткен норвегиялық гроссмейстер соңғы партияның жалпы кездесудің нәтижесіне әсер етпейтінін ескеріп, шахмат тақтасына қайта отырмады.
Бибісара Асаубаева ақ түсті фигуралармен алғашқы жүрісін жасағаннан кейін оған техникалық жеңіс берілді.
Норвегиялық шахматшының мұндай шешім қабылдауына классикалық шахматтағы FIDE рейтингін сақтап қалу ниеті себеп болуы мүмкін.
Турнир барысында Карлсеннің рейтингі 2801,2 ұпайға дейін төмендеген. Қазақстандық шахматшымен партияны тең аяқтаған күннің өзінде оның рейтингі соңғы 17 жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет 2800 ұпайдан төмен түсуі ықтимал еді.
Ал техникалық жеңіліс шахматшының рейтингіне әсер етпейді.
Еске салайық, бұған дейін де Бибісара Асаубаева Магнус Карлсенді шахмат тақтасының алдында 15 минут күтіп, техникалық жеңіске ие болған еді. Норвегиялық гроссмейстердің бұл әрекетін халықаралық шахмат қауымдастығы сынға алған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026