Ет бағасы 3 300 теңге: Астанада «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтіп жатыр
Астанада «Соғым Fest» ет жәрмеңкесі қараша айынан желтоқсанның соңына дейін әр демалыс күндері төрт сауда алаңында өтеді. Онда сиыр етінің келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден басталады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеге отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады. Тұрғындар етті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.
Жәрмеңке мына мекенжайларда ұйымдастырылады:
Әкімдік мәліметінше, 2026 жылғы қарашада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 101,2%-ды құраған. Бағаны тұрақтандыру үшін отандық өндірушілермен тікелей жеткізілім туралы келісімдер жасалып, ауыл шаруашылығы өнімдерін алдын ала сатып алу тетігі қолданылып жатыр.
Осы мақсатта 18 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне келісімшарт жасалған. Өнімдерді сатуға елордадағы 190-нан астам сауда нүктесі тартылған. Олардың қатарында Magnum, Small, «Фермаг», «Вкусмарт», «Анвар» сауда желілері мен «Шапағат», «Көктал» базарлары бар.
Сонымен қатар биыл Астанада 300-ге жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілген. Жыл соңына дейін олардың санын 350-ге жеткізу жоспарланып отыр. 19 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Қазақстанның 15 өңірінен келген өндірушілер 10 мың тоннадан астам өнім сатқан.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, негізгі мақсат – азық-түлікті өндірушіден тұтынушыға дейін делдалсыз жеткізіп, бағаның қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
«Біздің басты міндетіміз – елорда тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету, өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын қысқарту және азық-түліктің қолжетімділігін сақтау», – деді ол.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талапты алғаш рет бұзған кәсіпкерлерге де ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады.
Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің көлеміне байланысты:
Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, айыппұл тиісінше 10, 70 және 300 АЕК-ке дейін өседі.
Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашовтың айтуынша, қалада сауда орындарындағы баға апта сайын тексеріледі. Жыл басынан бері бағаның негізсіз өсуіне қатысты Өңірлік комиссияның 90 отырысы өткізіліп, 150-ден астам құқық бұзушылық анықталған.
«Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмей, бүкіл сауда тізбегінің ашықтығын қамтамасыз ету. Біз өнімнің өндірушіден соңғы сатушыға дейінгі қозғалысын қадағалап, бағаны негізсіз көтеруге жол берген кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шаралар қабылдаймыз», – деді Тағашов.
Сонымен қатар Астанада жеті базарды жаңғырту жоспарланған. Олардың қатарында «Ұлжан», «Алтай», «Шанхай – Көк базар», «Сарыарқа», «Орталық базар», «Алаш» және «Шарын» базарлары бар. Жаңғырту аясында сауда орындарын жабық ғимараттарға көшіру, автотұрақ салу, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жалға беру жүйесін цифрландыру көзделген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026