Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2027-2028 жылдары Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

kz.kursiv.media

2027-2028 жылдары Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

2027-2028 жылдары Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елімізде осындай беделді турнир өтуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Осыған байланысты журналистер ведомство басшысынан бұл қаншалықты рас екенін анықтауға тырысты.

«Жыл басынан бері бірнеше келіссөздер мен кездесулер өткіздік, қазір дәл осы UFC бойынша белсенді келіссөздер жүріп жатыр. Осы айдың соңында 2027–2028 жылдары UFC турнирін өткізуге қатысты нақты қандай шешімге келгенімізді егжей-тегжейлі жариялаймыз. Барлық жұмыс атқарылды, ай соңында қорытындысын қосымша хабарлаймыз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Бұған дейін Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Дэниел Рубенштейн спортшының 2027 жылдың қаңтарында октагонға оралмайтынын айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар