Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бидай, алтын және байланыс жабдығы: Қазақстан Орталық Азияға не сатады

kz.kursiv.media

Бидай, алтын және байланыс жабдығы: Қазақстан Орталық Азияға не сатады

Өзбекстан мен Тәжікстанға – бидай, Қырғызстанға – алтын, Түрікменстанға – телефон аппараттары мен байланыс жабдығы. Қазақстанның Орталық Азияға сататын тауары елге қарай өзгереді. Бірақ төрт көршімен саудада бір ортақ үрдіс бар: Қазақстан олардың әрқайсысына сатып алғанынан көбірек тауар сатады. Kursiv Media Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп, биылғы тоғыз айда өңірмен сауда қалай қалыптасқанын зерттеді.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек

Млн АҚШ доллары. Пайыздар Қазақстанның жалпы экспорты мен импортындағы үлесті көрсетеді.

Сауда балансы — +4,28 млрд доллар

Тауар құны, млн АҚШ доллары

Тауар құны, млн АҚШ доллары

Тауар құны, млн АҚШ доллары

Тауар құны, млн АҚШ доллары

Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы

2026 жылдың қаңтар–қыркүйегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы төрт елмен сауда айналымы 7,85 млрд долларға жетті. Соның жартысынан астамы Өзбекстанға тиесілі. Қазақстан бұл елге ең көп бидай сатқан. Ал Өзбекстаннан келген тауарлардың ішінде құны жағынан автокөлік шанақтары мен кабиналары бірінші орында.

Қырғызстанмен саудада Қазақстаннан барған тауарлардың көшін өңделмеген және жартылай өңделген алтын бастады. Қырғызстаннан әкелінген тауарлардың ішінде асыл металл кендері мен концентраттарының құны ең жоғары болды.

Тәжікстанға сатылған тауарлардың ішінде бидай алда тұрса, ол жақтан келген импортта мырыш кені мен концентраттары бірінші орында. Қазақстан Тәжікстанға одан сатып алғанынан 13 есеге жуық көп тауар сатқан.

Төрт елдің ішінде Түрікменстанмен сауда көлемі ең аз. Қазақстаннан бұл елге сатылған тауарлардың ішінде телефон аппараттары мен байланыс жабдығы бірінші орында тұр. Ал Түрікменстаннан келген импортта мұнай газдары мен өзге газ тәрізді көмірсутектердің құны ең жоғары болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар