Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҰҰ соты Мьянманы рохинджа халқына жасалған геноцидке жауапты деп таныды

kz.kursiv.media

БҰҰ соты Мьянманы рохинджа халқына жасалған геноцидке жауапты деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты 2017 жылы Мьянма қауіпсіздік күштерінің рохинджа халқына қарсы жасаған жаппай кісі өлтіру мен жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін мемлекет тарапынан ұйымдастырылған геноцид деп таныды

Reuters ақпаратына сүйенсек, Гамбияның шағымы бойынша жеті жылға созылған іс нәтижесінде сот Мьянма Одағы Республикасы Ракхайн штатының солтүстігінде рохинджаларға қарсы геноцид жасады деген үкім шығарды.

Сот төрағасы Юдзи Ивасаваның айтуынша, Мьянма күштері мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтіріп, балаларға аса қатыгездік танытқан,жүздеген ауылды өртеп, босқындарға шабуыл жасаған. БҰҰ миссиясының дерегінше, сол кезде кемінде 10 мың адам қаза тауып, 700 мыңнан астам рохинджа елін тастап кетуге мәжбүр болған.

Судьялар Мьянма билігінің әрекетін қорғалатын этникалық топтың едәуір бөлігін жою ниетімен ғана түсіндіруге болады деген қорытындыға келді.

Сот шешімі мен оның салдары:

Сарапшылардың пікірінше, 1948 жылғы Геноцид туралы конвенция аясында қабылданған бұл шешім өзге де халықаралық істерге, соның ішінде ОАР-дың Израильге қарсы Газа секторындағы әрекеттеріне қатысты түсірген шағымына әсер етуі мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар