Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚФФ президенті Марат Омаров қызметінен кете ме: Мырзабосынов жауап берді

kz.kursiv.media

ҚФФ президенті Марат Омаров қызметінен кете ме: Мырзабосынов жауап берді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаровтың қызметіне қатысты пікір білдірді. Министр отандық футболдағы мәселелерге баға беру үшін жан-жақты талдау қажет екенін айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы нәтижесі әлеуметтік желіде сынға ұшырағанын айтып, Омаровтың ҚФФ президенті қызметіне қаншалықты лайық екенін сұрады. Сондай-ақ оның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегі жұмысы федерацияны басқаруға кедергі келтірмей ме деген мәселе көтерді.

«Федерацияның жұмысы бір ғана президентке тірелмейді. Төрешілік, балалар футболы, академиялардың жоқтығы сияқты жылдар бойы қордаланған мәселелер бар. Сондықтан жан-жақты талдаудан кейін ғана қорытынды жасауға болады. Қазір бәріне федерация президентін кінәлау қате болар еді», – деді Мырзабосынов.

Журналист ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділет Барменқұлов футболшылармен кездесіп, оларға қолдау көрсетіп жүргенін айтты. Өзі Омаров қатысқан мұндай кездесулерді байқамағанын айтып, федерация басшылығы ауысуы мүмкін бе деп қайта сұрады.

Мырзабосынов министрлік әр спорт федерациясына тиімділік көрсеткіштерін (KPI) белгілейтінін және қазіргі уақытта федерация басшылары сол көрсеткіштерді орындап отырғанын айтты. Ал Омаровтың футболшылармен кездесуі туралы нақты мәлімет айта алмайтынын жеткізіп, мұндай кездесулер көпшілікке жарияланбаған болуы мүмкін екенін айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар