Алматыда құрылыс дүкенінде шыққан жанжалдың видеосы жарияланды
Алматыдағы құрылыс дүкендерінің бірінде әріптестер арасында жанжал шығып, бір-біріне қол көтерген.
Полицияның хабарлауынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында полиция дүкен ішінде түсірілген видеоны қараған. Нәтижесінде әйелдің де әріптесіне қол көтергені анықталды. Енді әйелдің әрекетіне де құқықтық баға беріледі.
Тергеу жалғасып жатыр.
Видео Алматы полицияның ресми парақшасында жарияланды.
Айта кетейік, Астанада кәсіпкер әйел «7 арнаның» тілшісіне шабуыл жасап, операторды көлікпен қағып кетпек болды. Оқиғаның бәрі видеоға түсіп қалған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026