Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Anthropic компаняясыв IPO-дан 107 млрд доллар тартып, SpaceX рекордын басып озды

kz.kursiv.media

Anthropic компаняясыв IPO-дан 107 млрд доллар тартып, SpaceX рекордын басып озды

Жасанды интеллект зертханаларының ішінде бірінші болып ашық нарыққа шыққан Anthropic компаниясы мен иелері IPO арқылы 107,3 млрд доллар тартты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды. Бұл көрсеткіш SpaceX тартқан 75 млрд доллардан асып түсті.

Әр акциясы 83 доллардан бағаланған ашық сауда компания құнын шамамен 1,5 трлн долларға жеткізді. Бұл бірнеше ай бұрын айтылған 2 трлн доллардан төмен болғанымен, жақында технологиялық акциялар құлдыраған кездегі 1,1 трлн доллардан жоғары.

Bloomberg деректеріне сәйкес, Anthropic компанияның өзі 956,4 млн акция, ал негізін қалаушылар 23,6 млн акция сатты ( Бұған дейін 801,4 млн және 23,6 млн акцияны 70–78 доллар аралығында сату жоспарланған).

Anthropic IPO-сы компанияны нарықтық құны бойынша әлемдегі ең ірі 15 жария компанияның қатарына қосып, Tesla Inc.-пен қатарластырды.

IPO-ға сұраныс сатылымға шығарылған акциялар санынан жеті есе жоғары болып, ал инвесторлар Nasdaq 100 индексіне тез қосылады деп күтілетін қағаздардан үлес алуға ұмтылды.

Claude чат-ботын жасаушының нарыққа шығуы биржадағы күрделі ахуалмен тұспа-тұс келді: сәрсенбі күнге дейінгі бір аптада Nasdaq 100 индексі 4,4%-ға төмендеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар