Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путин, Си Цзиньпин және Трамп 1,5 сағатқа созылған кездесуде не айтты

kz.kursiv.media

Путин, Си Цзиньпин және Трамп 1,5 сағатқа созылған кездесуде не айтты

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің үшжақты кездесуі өтті. Тарихта алғаш рет ұйымдастырылған келіссөз шамамен бір жарым сағатқа созылды. Кездесуде Украинадағы соғысты тоқтату, ядролық қауіпсіздік, энергетика және халықаралық тұрақтылық мәселелері сөз болды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, кездесу Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өтті. Келіссөз 16:27-де басталып, 17:57-де аяқталған.Кездесудің ашық бөлігінде алғаш болып Қытай төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйлеген. Ол үш державаны бір-бірінің мүддесі мен шекараларын құрметтеуге, экономикалық байланыстарды үзбей, ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Си Цзиньпиннің айтуынша, ірі мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктерді диалог пен дипломатия арқылы шешу қажет. Сондай-ақ ол ядролық соғыстың алдын алып, ядролық қаруды таратпау туралы шарт талаптарын сақтаудың маңызын атап өтті. Оның сөзінше, ядролық қақтығыста жеңімпаз болмайды.

Владимир Путин Ресей, Қытай және АҚШ халықаралық тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қоса алатынын айтты. Ол үш елге ортақ қауіптердің қатарында халықаралық терроризм мен трансұлттық қылмысты атады. Ресей басшысы Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі де талқыланатынын жеткізді.

Ал Дональд Трамп үш ел басшысының әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелер бойынша диалог жүргізуге ерекше жауапкершілігі бар екенін айтты. АҚШ президенті кездесудің нәтижелі болатынына үміт білдірді.

Сонымен қатар Иранның ядролық қаруға ие болуына Вашингтон жол бермейтінін мәлімдеді. Келіссөздің ашық бөлігінен кейін үш ел басшысы журналистерсіз кездесуін жалғастырды.

Ресей тарапының мәліметінше, бұл – осындай форматта өткен алғашқы кездесу. Келіссөз аяқталған соң көшбасшылар бұқаралық ақпарат құралдары алдында мәлімдеме жасаған жоқ.

Кездесу АТЭС саммиті аясында өтті. Қытай, Ресей және АҚШ басшылары бұған дейін жеке форматта да келіссөз жүргізген. Атап айтқанда, Путин мен Трамп үшжақты кездесудің алдында жеке жүздескен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар