Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қазақтелеком" Екібастұздағы дата-орталық жобасына ҚДБ-дан 50 млрд теңге қарыз алған

kz.kursiv.media

Қазақтелеком Екібастұздағы дата-орталық жобасына ҚДБ-дан 50 млрд теңге қарыз алған

Қазақстанның Даму Банкі «Қазақтелекомның» Екібастұзда үлкен дата-орталық алқабын салу жобасына ақша бөлуге келісті. Бұл туралы банктің сайтында жазылды.

Жалпы, бұл жобаны іске асыруға 236,8 млрд теңге керек. Соның 50 млрд теңгесін мемлекеттік банк «Қазақтелекомға» беріп отыр.

Несиенің қандай шартпен берілгені айтылмаған, бірақ бөлінген ақшаның толық жұмсалып қойғаны белгілі болды. Бұл қарызды «Қазақтелекомның» осы жобаға жауапты «ҚТ-Телеком» деген еншілес компаниясы алған.

Бұған дейін үкімет Екібастұзда қуаты 1 ГВт болатын алып дата-орталықтар аймағын саламыз деген еді. Оларға керек арзан тоқты Екібастұздың ашық карьерден қазылатын көмірін жағу арқылы алмақшы.

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин қыркүйекте Reuters-ке берген сұхбатында бұл жобаға миллиардтаған доллар іздейтіндерін айтқан. Ақшаны облигация сату арқылы, Даму Банкінен және шетелдік қаржы ұйымдарынан тартпақшы.

Атап айтқанда, облигацияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығында саудаға шығармақ. Сонымен қатар шетел банктерінен де қаржы алғысы келеді. «Қазақтелеком» қазірдің өзінде Қытай мен АҚШ-тың біраз қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіп қойған.

Қазақстан NVIDIA-ның қатысуымен Firebird Inc. компаниясымен келісімге отырған. «Дата-орталықтар алқабы» деп аталатын бұл жоба арқылы елге 10 млрд доллар инвестиция тарту көзделіп отыр.

Дата-орталықтарға NVIDIA-ның қуатты графикалық процессорлары орнатылған серверлер қойылады. Олардың бастапқы қуаты кем дегенде 300 МВт болады да, кейін 1 ГВт-қа дейін өсіруге мүмкіндік бар.

Қазанның басында «Қазақтелеком» басшысы еліміздегі барлық жұмыс істеп тұрған және енді салынатын дата-орталықтарға жалпы 5 ГВт электр энергиясы керек болатынын айтты. Мусиннің сөзінше, сұраныс тек Екібастұздағы жобамен шектелмейді.

«Бүкіл Қазақстан аумағы бір үлкен дата-орталықтар алқабына айнала алады. Әрине, электр энергиясын өндіру сияқты мәселелерді шешуіміз керек. Бірақ энергия өндіру жоспарымызға қарасақ, біз осындай құрылғыларға қажетті 5 ГВт қосымша қуаттан да көп энергия өндіре аламыз», – деді ол қазанда өткен AI&Digital Bridge форумында.

1 ГВт-тық дата-орталықтар іске қосылған соң, Қазақстан тек қуатты есептеу орталығы ғана емес, ғарыш пен Жерді байланыстыратын маңызды буынға айналады. Мусиннің ойынша, жасанды интеллектке қатысты өз заңдарымызды жазғанда әлемдегі басты ойыншылардың тәжірибесіне сүйену керек. Ол Қазақстанға бірінші болып келген компаниялар ең көп пайда табады деп санайды.

Жобаның негізгі операторы – «Қазақтелеком». Осы хаб болашақта Microsoft және OpenAI сияқты технология алпауыттарымен бірлесіп, жасанды интеллект моделдерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірге Google, Meta, Apple сияқты IT алыптарын тартқысы келетінін мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар