Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда өзбекстандық ғалым тыңшылық жасады деп 10 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Қазақстанда өзбекстандық ғалым тыңшылық жасады деп 10 жылға сотталды

Қазақстан соты Өзбекстан азаматы, 46 жастағы ғалым Икболжон Корабоевті (Карабаев) 10 жылға бас бостандығынан айырған. Бұл туралы оның туыстары «Азаттық радиосы» редакциясына айтты.

Туыстарының сөзінше, профессорға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 176-бабы, яғни «Шпионаж» бабы бойынша айып тағылған. Бұл бапта 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сот отырысы жабық өткен. Себебі іс материалдарында құпия ақпарат болған. Ғалымның отбасы сот үкімі туралы ресми органдардан емес, өздерінің жеке дереккөздерінен білгенін айтады.

Туыстарының сөзінше, олар осы уақытқа дейін тергеу материалдарымен таныса алмаған. Сондай-ақ ғалым қай мемлекеттің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталғаны және сотта қандай дәлелдер ұсынылғаны да белгісіз.

Профессордың туыстары Қазақстан президентіне, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және құқық қорғау ұйымдарына бірнеше рет өтініш жолдаған. Алайда олардың айтуынша, мемлекеттік органдардан нақты жауап алмаған. ҰҚК басшылығы ауысқаннан кейін отбасы комитеттің жаңа басшысына, президентке және Бас прокурорға қайтадан өтініш жіберді.

Қазір ғалымның туыстары сот үкіміне шағымданып, оның толық ақталуын талап етпек. Олар тергеу мен сот материалдарына қол жеткізуді, профессорды университеттегі бұрынғы қызметіне және еңбек құқықтарына қайта қалпына келтіруді, сондай-ақ іс барысында заң бұзушылықтар болса, оны ресми мойындауды сұрайды.

Қазақстанның ресми органдары әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Өзбекстан билігінің де ұстанымы белгісіз.

Өзбекстан азаматы, халықаралық қатынастар профессоры, 46 жастағы Икболжон Қарабаев биыл тамызда ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар