Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Бәрінің кінәсі бар»: министр Ясмина Тоқсанбаеваның ісіне қатысты пікір білдірді

kz.kursiv.media

«Бәрінің кінәсі бар»: министр Ясмина Тоқсанбаеваның ісіне қатысты пікір білдірді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның төңірегіндегі даулы жағдайға қатысты сұраққа жауап берді.

Журналистер министрден спортшының ісі халықаралық спорт сотында қаралып жатқан-жатпағанын және бұл олқылық үшін нақты кімдер жауап беретінін сұрады.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта федерация бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, халықаралық спорттық сотқа жүгінген. Министр орын алған жағдайға бірнеше тараптың жауапты екенін ашық айтты:

«Әрине, бәрінің кінәсі бар. Спорт комитетінен бастап, федерация бар, құраманың штаты бар, жалпы жаттықтырушы мен спортшының өзінің де мәселесі бар. Бұл жерде жеңіл атлетикадағы 45-ке жуық дисциплина бойынша осындай болмауға тиіс жағдай орын алды. Ең маңыздысы — біз жол картасын жасап, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді Ербол Мырзабосынов.

Министр соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін, бұл іске қатысы бар лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі міндетті түрде қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар ведомство спортшыны назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті:

Қазіргі таңда Ясмина Тоқсанбаеваға федерация тарапынан қолдау көрсетіліп, бюджеттен тыс қаражат есебінен стипендия тағайындалған.

Министрдің сөзінше, жарыс бір күнмен шектелмейді. Алда Олимпиада ойындары мен Азия чемпионаттары тұрғандықтан, басты қағидат спортшыны жан-жақты қолдап, келешек ірі додаларға дайындау.

Еске сала кетейік, Ясмина Тоқсанбаева 27 қыркүйекте Жапониядағы Аичи–Нагоя Азия ойындарында спорттық жүрістен мәреге бірінші жетті. Алайда жарыстан кейінгі тексерісте оның киген аяқ киімінің моделі World Athletics рұқсат берген тізімде жоқ екені анықталды. Халықаралық федерация мұны растаған соң спортшының нәтижесі жойылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар