Қазақстанның авиациясы қытайлық Y-9E әскери ұшағымен толықты
Алматыдағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясы паркі қытайлық Y-9E әскери-көліктік ұшағымен толықты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ұшақты жеткізу авиациялық паркті жоспарлы жаңарту аясында жүзеге асырылып отыр. Жаңа ұшақ жеке құрамды, әскери жүктер мен материалдық құралдарды тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Техникалық сипаттамалары бойынша Y-9E қолданыстағы C-295 және A400M ұшақтарының арасындағы орынды иеленеді.
Ұшақтың авиациялық паркке қосылуы ұшу қашықтығы мен жүк салмағын ескере отырып, әуе тасымалдарын барынша икемді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, Y-9E — қытайлық Shaanxi Aircraft Corporation (AVIC құрамына кіреді) компаниясының Shaanxi Y-9 орташа әскери-көлік ұшағының экспорттық модификациясы. Ұшақ терең жаңғыртылған Y-8 / Ан-12 базасында жасалған.
Бұған дейін Қазақстанның әуе айлағы L-410 және Airbus A400M әскери-көлік ұшақтарымен толығатынын жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026