Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлем мұсылмандарының саны христиандардан асып түсуі мүмкін

kz.kursiv.media

Әлем мұсылмандарының саны христиандардан асып түсуі мүмкін

2035 жылға қарай мұсылмандар саны христиандардан асып, ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін. Мұндай болжамды Вашингтондағы Pew Research Center зерттеу орталығы жариялады.

Зерттеуге сәйкес, мұсылмандар арасындағы туу көрсеткіші басқа ірі діни топтарға қарағанда жоғары. 2020–2025 жылдары бір мұсылман әйелге орта есеппен 3,1 бала, ал христиан әйелге 2,5 баладан келген. Басқа діни топтарда бұл көрсеткіш 1,6 баланы құраған.

Pew Research Center дерегінше, 2020 жылы әлемде 2,27 млрд христиан және 2,02 млрд мұсылман болған. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай мұсылмандар саны 2,57 млрд-қа, ал христиандар 2,52 млрд-қа жетеді.

Егер қазіргі үрдіс сақталса, 2070 жылға қарай мұсылмандар саны 3,6 млрд-тан асып, христиандар саны 3 млрд-қа жетпейді. Болжам жасағанда халықтың жас ерекшелігі, туу көрсеткіші, дін ауыстыру және көші-қон үдерістері ескерілген.

Зерттеу орталығы алдағы 40 жылда АҚШ-та халықтың басым бөлігін христиандар құрамауы мүмкін екенін де болжайды. Қазір олар елдегі ересек тұрғындардың 62%-ын құрайды. 2065 жылға қарай бұл үлес 50%-дан төмендеуі ықтимал.

Ал Германияда шамамен 5,5 млн мұсылман тұрады. Олардың 3 млн-ға жуығы Германия азаматтығын алған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар