Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нарыққа қол жеткізуден әрі: Қазақстанда инвесторлардың күтулері қалай өзгеруде?

kz.kursiv.media

Нарыққа қол жеткізуден әрі: Қазақстанда инвесторлардың күтулері қалай өзгеруде?

Қазақстанның жеке инвестиция нарығы соңғы жылдары жылдам өсті. Инвестициялық шоттар саны бірнеше есе артып, жеке инвестициялар елдің капитал нарығында барған сайын маңызды рөл атқаруда.

Нарыққа қатысушылар саны артқан сайын инвестициялық қауымдастықтың әртүрлілігі де арта түседі. Біреулер нарықпен енді ғана танысып жатса, енді біреулер қаржы жаңалықтарын күн сайын қадағалап, жекелеген компанияларды зерттеп, өз инвестицияларын белсенді түрде басқарады.

Осындай жағдайда Valuable Capital Group құрамына кіретін Tickrs Financial Limited (Tickrs KZ) Қазақстанда цифрлық брокерлік платформаны іске қосуға дайындалып жатыр. Компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) агент ретінде инвестициялармен мәмілелер жасау қызметін (Dealing in Investments as Agent) қоса алғанда, лицензияланатын қызметті бастауға мақұлдау алды. Платформа топтың АҚШ-тағы меншікті клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымына сүйене отырып, АҚШ бағалы қағаздарына қол жеткізуге, сондай-ақ нарықтарды талдау мен мәмілелер жасауға арналған құралдарды ұсынуға бағытталған.

Компанияның Қазақстандағы қызметін брокерлік салада және елдің капитал нарықтарында 20 жылдық тәжірибесі бар Замира Сүндетова басқарады. Бұған дейін ол бірнеше инвестициялық компанияларды басқарған және нөлден бастап лицензияланған инвестициялық компаниялар құрып, олардағы брокерлік операцияларды, өнімдерді және клиенттермен қарым-қатынасты дамытуға жетекшілік еткен.

Сүндетованы Tickrs-ке топтың меншікті технологиялары негізінде жұмыс істеу мүмкіндігі тартқан. « Брокерлік бизнес үшінші тараптың жүйелеріне қатты тәуелді болған жағдайда, өнімдер мен қызметтерге енгізілетін өзгерістер кейде бірнеше провайдер арасында үйлестіруді талап етуі мүмкін, ал бұл енгізудің жылдамдығы мен икемділігіне әсер етеді. Мұнда біз сауда-саттықтан бастап клиринг пен есеп айырысуға дейін топтың өз технологияларына сүйене аламыз. Бұл не құра алатыныңды түбегейлі өзгертеді», – дейді ол.

«Жылдар бойы инвестициялық нарықтың айтарлықтай өзгергенін көрдім. Мен еңбек жолымды бастаған кезде клиенттер кеңсеге келіп, брокерден «сенімді бір нәрсе сатып алуды» сұрайтын, ал алғашқы сұрақ әдетте қанша табыс табатыны туралы болатын. Бүгінде маған қосымшаны ашып келіп, компанияның соңғы есебінде маржасы неліктен төмендегенін немесе оның қаржылық есептілігін қайдан табуға болатынын сұрайды. Енді «типтік» инвестор жоқ, нарыққа қатысудың жалғыз дұрыс жолы да жоқ. Қаржылық қызмет көрсетушілер осы әртүрлі қажеттіліктерді ескеріп, адамдардың инвестициялық шешімдерді өз бетінше қабылдауына жағдай жасауы маңызды», – дейді Сүндетова.

Инвестициялаудың жалғыз жолы жоқ

Инвесторлардың барлығы нарыққа бірдей көзқараспен келмейді. Кейбіреулерге мәмілелерді ыңғайлы түрде жасау мүмкіндігі ғана жеткілікті. Басқалары компаниялардың қаржылық көрсеткіштерін зерттеуге, нарықтағы өзгерістерді немесе бағалардың құбылуын бақылауға көбірек уақыт бөледі. Ал енді біреулер нарықты үнемі бақылап отырмай-ақ, өтінімдерді басқару үшін сауда құралдарын пайдаланады.

«Біз барлық инвестор бірдей тәсілді ұстануы немесе бірдей құралдарды пайдалануы керек деп есептемейміз. Біздің міндетіміз – адамдарға қалай инвестициялау керектігін нұсқау емес, оларға нарықтарға, ақпаратқа және қажетті құралдарға қол жеткізу мүмкіндігін беру. Инвесторлар мәміле жасағысы келе ме, компанияны зерттей ме немесе нарықтағы өзгерістерді бақылағысы келе ме, осының барлығына қажетті ресурстар оңай қолжетімді болуы тиіс. Қандай құралдардың өздеріне сәйкес келетінін және нарыққа қалай қатысатынын инвесторлардың өздері шешуі керек», – дейді Сүндетова.

Платформа инвестициялық процестің үш кезеңін ескере отырып әзірленіп жатыр: бағалы қағаздарды талдау, нарықтағы өзгерістерді қадағалау және мәмілелер жасау. Ұсынылатын құралдардың жоспарланған тізіміне АҚШ биржаларында саудаланатын компаниялардың акциялары, биржалық инвестициялық қорлар (ETF), варранттар және биржалық опциондар кіреді. Олардың қолжетімділігі реттеуші талаптарға, тиісті өнімдердің болуына және инвесторлардың белгіленген критерийлерге сәйкестігіне байланысты болады.

«Платформа мәміле жасағысы келетіндер үшін қарапайым әрі ыңғайлы болуы керек. Сонымен қатар белсенді инвесторларға егжей-тегжейлі ақпарат пен қажетті құралдарды ұсынуы тиіс. Адамдар әртүрлі сервистер арасында ауысуға аз уақыт жұмсап, ақпаратты зерттеуге және шешім қабылдауға көбірек көңіл бөле алуы қажет», – деп толықтырды Сүндетова.

Әр мәміленің артындағы технология

Халықаралық нарықтарға қол жеткізу шетелдік бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігімен ғана шектелмейді. Ол үшін нарықтарға қосылуға, өтінімдерді өңдеуге және клиринг пен есеп айырысуды қоса алғанда, сауда-саттықтан кейінгі операцияларды жүргізуге арналған инфрақұрылым қажет.

Tickrs KZ бірнеше нарықта бизнесі мен реттелетін ұйымдары бар халықаралық Valuable Capital Group қаржы тобының құрамына кіреді. Топтың АҚШ-тағы қызметі Tickrs Clearing LLC (Tickrs US) арқылы жүзеге асырылады. Бұл – АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (SEC) тіркелген, Қаржы индустриясын реттеу органының (FINRA) және Бағалы қағаздар инвесторларын қорғау корпорациясының (SIPC) мүшесі болып табылатын брокерлік-дилерлік компания.

Топ бэк-офис, сауда-саттық, клиринг және есеп айырысуға арналған меншікті жүйелерді әзірлеуге ондаған миллион АҚШ долларын инвестициялады. Бұл жүйелер операциялық процестерді қамтамасыз етіп, қызметтерді дамытуға негіз болады. Tickrs KZ және Tickrs US – топтың технологияларын пайдаланатын, алайда өздерінің құқықтық және реттеушілік міндеттемелері үшін дербес жауап беретін бөлек заңды тұлғалар.

«Халықаралық нарықтарға қол жеткізу маңызды, бірақ оны өзі қызмет ететін нарықтан бөлек дамыту мүмкін емес», – дейді Сүндетова. «Қазақстанның өзіндік реттеуші ортасы, инвесторлардың қалауы мен нарықтық ерекшеліктері бар. Топ АҚШ-та клиринг пен есеп айырысуды өзі жүргізетіндіктен, клиенттің өтінімі мен оның есеп айырысуы арасында біз үшінші тараптардың ұзын тізбегіне тәуелді емеспіз. Бұл бізге негізгі операциялық процестерді көбірек бақылауға және қызметтерімізді дамытуда икемді болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвесторлардың қажеттіліктерін жақсырақ түсінген сайын платформаны жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктер қосуға жол ашады. Технологиялар оларды пайдаланатын адамдармен бірге дамуы тиіс».

Алдағы жоспарлар

Қазақстанның жеке инвестиция нарығы дамыған сайын Tickrs KZ нарықтағы қатысуын нығайтып, қызметтерін жергілікті инвесторлардың өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне сай дамытуды көздейді.

«Қазақстанның капитал нарығының өзіндік серпіні және одан әрі дамуға айтарлықтай әлеуеті бар», – деп қосты ол. «Біз жергілікті инвесторларды түсінетін әрі оларға халықаралық нарықтар мен өздері қалағандай пайдалана алатын ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін беретін бизнес құрғымыз келеді. Инвесторлардың қажеттіліктері өзгерген сайын біздің платформа да өзгеруі тиіс».

Бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарына инвестиция салу қаражатты ішінара немесе толық жоғалту тәуекелімен байланысты. Бұл құралдардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы нәтижелер болашақ нәтижелерге кепілдік бермейді.

Лицензия AFSA-A-LA-2026-0016.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар