Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады.
«Әуезов университеті – аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шаһардағы әрбір бесінші студент осы университетте оқиды. Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді», – деді Тоқаев.
Президент ұлттық мәртебе университетке ғана емес, жауапты министрлікке де үлкен міндет жүктейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, оқу орны сапалы білім мен ғылымның, өңірдің зияткерлік әлеуетінің орталығына айналуға тиіс.
«Қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалды. Шаһарда Аризона штаты университетінің (Arizona State University) білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды. Бүгінгі форумға бұл университеттің ректоры, профессор Угур Унал қатысып отыр. Бүгін сөз сөйледі. Сізге ризашылығымызды білдіреміз. Бұл жұмысты одан әрі жандандырып, Шымкенттің ғылым және білім саласындағы әлеуетін күшейте түсуіміз қажет», – деді ол.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
19 қараша 2026