Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда тас құлау қаупіне байланысты Алма-Арасан барар жол бір айға жабылады

kz.kursiv.media

Алматыда тас құлау қаупіне байланысты Алма-Арасан барар жол бір айға жабылады

2026 жылдың 23 қарашасынан бастап Алматыдағы Алма-Арасан көшесінің экобекеттен «Нұрбота» дүкеніне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы бір ай мерзімге уақытша шектеледі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл шара жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тас құлаудың алдын алу жұмыстарына байланысты қолға алынып отыр. Аталған аумақта жартасты топырақтың опырылуы мен диаметрі 2,5 метрге дейін жететін ірі тастардың құлау деректері тіркелген. Бұл жүргізушілерге, жергілікті тұрғындарға және маңайдағы инженерлік коммуникацияларға айтарлықтай қауіп төндіреді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар қауіпті тастарды бақылаумен түсіріп, аумақты тазартады, сондай-ақ, тау беткейін нығайту жұмыстарын жүргізеді. Жолды уақытша жабу осы жұмыстарды қауіпсіз атқару үшін қажет.

Әкімдік өкілдері жұмыс барысында тұрғындар мен жүргізушілерге қолайсыздық тудырмауға баса назар аударылатынын атап өтті. Мүмкіндігінше, демалыс күндері жол қозғалысына қосымша жүктеме түсірмеу үшін жұмыс кестесі тиімді жоспарланбақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар