Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Халық бір айда 60 млрд теңге зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына берген

kz.kursiv.media

Халық бір айда 60 млрд теңге зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына берген

БЖЗҚ салымшылары бір ай ішінде жеке басқарушы компанияларға 60 млрд теңге зейнетақы жинағын аударған. Бұл туралы БЖЗҚ дерегіне сүйене отырып Бірінші несие бюросының сарапшылары жазады.

Бір айда аударылған қаржы көлемі 4%-ға артқанымен, аударым саны 16%-ға азайды.

Айта кетейік, қыркүйекте БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинағын түгел жеке басқаруға беруге рұқсат етілген.

Жеткілікті шектің көтерілген кезеңде бұл шешім халықтың ИПБ-ға деген қызығушылығын күрт арттырды: аударымдар жинақты пайдаланудың жалғыз тәсілі болып тұр.

Ал соңғы екі айдағы ИПБ-ға аударылған қаржы көлемі 118,8 млрд теңгені құрайды

Бұл зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударуға рұқсат берілген 2021 жылдың қаңтарынан бері аударыған қаражаттың 40%-ына тең. Ал аударымдар саны бойынша қыркүйек-қазан айларының үлесі 29%-ды (73,2 мың бірлік) құрайды.

16 қарашадан зейнетақы активтерін басқаруда консервативті, қалыпты және тәуекелді жоғары портфельдер енгізіліп, олардың шетел валютасындағы үлесі 40%, 70% және 80%-ға дейін белгіленді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар