Ақмола облысында алкогольді заңсыз сатудың 340 астам дерегі анықталды
Жыл басынан бері Ақмола облысында полиция алкогольді заңсыз сатудың 340-тан астам дерегін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Анықталған заңбұзушылықтар үшін сауда орындарының иелері, сатушылар және басқа да жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Тексеру кезінде полицейлер екі талапқа ерекше назар аударады: алкоголь сатуға лицензияның болуы және сауданың рұқсат етілген сағаттарын сақтау. Полицияның мәліметінше, өңірде спирттік ішімдікті тиісті лицензиясыз сатудың 220-дан астам дерегі анықталған.
Сауда ережесін бұзудың бір дерегі 19 қарашада Макинск қаласында тіркелді. Жергілікті дүкеннің сатушысы сағат 21:00-ден кейін, сатуға тыйым салынған уақытта күшті алкоголь сатқан. Осы үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияда әрбір анықталған дерек бақылауда қалатыны айтылды. Ведомствоның бағалауынша, алкогольді заңсыз сату қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Жаңа заңбұзушылықтардың алдын алу үшін полицейлер профилактикалық шаралар өткізіп, кәсіпкерлерге спирттік ішімдік сату кезінде қандай талаптар қолданылатынын түсіндіріп жатыр. Сауда орындарының иелерін лицензиялау ережелері мен сату уақытына қатысты шектеулерді сақтауға шақырды. Дүкендерді тексеру жалғасып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін елімізде ішімдіктен бас тартқан ауылдар көбейсе де, алкоголь өндірісі тоқтамағанын жазған едік.
- Соңғы
- Қараша, 19
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026