Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ордабасы» клубына бас бапкері болып бельгиялық маман тағайындалды

kz.kursiv.media

«Ордабасы» клубына бас бапкері болып бельгиялық маман тағайындалды

Шымкенттік «Ордабасы» клубын 44 жастағы бельгиялық маман Карел Герартс жаттықтыратын болды. Бұл жаңалықты клубтың амбассадоры әрі тең құрылтайшысы Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Карел Герартс – «Орданың» жаңа бапкері. «Юнион», «Шальке» және «Реймс» клубтарының экс-жаттықтырушысы», – деп жазды ол.

Карел Герартс бұған дейін Еуропа футболында табысты еңбек еткен. Ол бельгиялық «Юнион» тізгінінде 57 матч өткізіп, команданы Еуропа лигасының ширек финалына дейін алып шықты. Одан кейін германиялық «Шальке» клубын 33 ойында баптады. Маманның соңғы жұмыс орны франциялық «Реймс» болды. Ол бұл клубпен 40 кездесу өткізіп, 2026 жылдың мамырында қызметінен кеткен еді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы маусымда молдовалық бапкер Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» өз тарихында тұңғыш рет «алтын дубль» жасады. Шымкенттік ұжым Қазақстан чемпионатында топ жарып, Түркістанда өткен ел Кубогының финалында қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен ойсырата жеңген еді.

Қараша айының басында команданы чемпион қылған бапкер Андрей Мартин клубтан кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар