Алматыда 12 тегін мұз айдыны ашылады: мекенжайлар тізімі
Алматыда 2026–2027 жылғы қысқы маусымда ашық аспан астында 19 мұз айдынын ашу жоспарланып отыр. Оның 12-сі тегін болады. Мұз айдындары қаланың барлық сегіз ауданында орналасады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, мұз айдындарының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Олардың бір бөлігі саябақтарда, ірі спорт кешендерінің, сауда орталықтарының маңында және тұрғын алаптарда ашылады.
Биыл бес тегін мұз айдыны алғаш рет жаңа орындарда жұмыс істейді. Олар Flow Park аумағында, Алматы ипподромында, Шұғыла шағынауданындағы №221 мектепте, Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта және «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде орналасады.
Әкімдік ұсынған тізім бойынша мұз айдындары мына орындарда жұмыс істейді:
Мұз айдындарын желтоқсан айында ашу жоспарланған. Нақты күні ауа райына байланысты белгіленеді.
«Мұз айдындары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тегін алаңдарда жаппай сырғанауға арналған төрт сеанс қарастырылған:
Сеанстар арасындағы үзілісте мұз айдыны келесі сырғанауға әзірленеді. Тегін мұз айдындарына келушілер өз конькилерін алып келе алады немесе оларды ақылы түрде жалға алады. Жалға алу құнын қызмет көрсететін ұйымдар белгілейді.
Тағы да оқыңыз: Abu Dhabi Plaza маңында 1,4 шақырымдық мұз саябағы ашылады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026