Президент ҰҚК-ны реформалау мәселелерін талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті қабылдады. Кездесу барысында елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар пысықталды.
Марат Ирменов президентке ҰҚК басшылығымен өткен отырыста берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын жаңғырту, реформалау және оның тиімділігін күшейтуге қатысты қолға алынатын шаралар баяндалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы алдағы кезеңге бірқатар нақты міндет пен тапсырма жүктеді.
Айта кетейік, Марат Ирменов ҰҚК жаңа басшысы 16 қарашада ғана тағайындалған еді. Оған дейін бұл қызметті Ермек Сағымбаев атқарған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026