Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бас мүфти елорда мешітінде көрші ақысы мен қоғамдық әдеп туралы уағыз айтты

kz.kursiv.media

Бас мүфти елорда мешітінде көрші ақысы мен қоғамдық әдеп туралы уағыз айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы «Нұр-Сұлтан» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Исламда көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі» тақырыбында уағыз өткізді.

Өз сөзінде ҚМДБ төрағасы асыл дініміз мұсылмандарды көршімен тату болып, өзара сыйластық пен құрмет орнатуға шақыратынын жеткізді. Сондай-ақ халқымыздың «Көрші ақысы – Тәңір хақысы», «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» деген даналық сөздерін мысалға келтіріп, ата-бабаларымыздың көршілік татулыққа ерекше мән бергенін атап өтті.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үйдің құтты болуы – оның кең болуы мен көршілердің жақсы болуы. Ал құтсыз болуы – тарлығы мен көршілерінің нашар болуында», – деген. Сондықтан өскелең ұрпақты көршіні сыйлауға, туыстай араласуға және қолдан келген көмегін аямауға тәрбиелеуіміз қажет», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазының соңында Бас мүфти жамағатпен бірге елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, дұға жасады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құдайы ас беру мәдениетін біріздендіруге арналған арнайы құжат қабылдаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар