Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шетел азаматтары Алматы облысында заңсыз спирт өндірген

kz.kursiv.media

Шетел азаматтары Алматы облысында заңсыз спирт өндірген

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті этил спиртін заңсыз өндіру дерегін анықтады. Жасырын цех ешқандай лицензиясыз және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.

Ведомство мәліметі бойынша, өндірісті шетел азаматтары ұйымдастырған. Дайын өнім тәркіленді, қазір аталған факті бойынша сот талқылауы жүріп жатыр. Сонымен қатар тексеру барысында қорқор темекісін өндірушілердің де заң бұзғаны белгілі болып, екі компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Департамент дерегінше, жыл басынан бері Алматы облысында заңсыз айналымнан мынадай өнімдер алынған:

Анықталған жасырын зауыттан бөлек, өңірде алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен сақтаудың тағы төрт дерегі тіркелген. Тәркіленген тауарлар сараптамаға жіберіліп, материалдар кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдарға тапсырылды.

Заңсыз өнімдерді анықтау рейдтері жалғасуда. Ведомство мамандары тұрғындарға қолдан, күмәнді сауда орындарынан, есепке алу-бақылау маркасы жоқ немесе тым арзан бағадағы спирттік ішімдіктерді сатып алмауға кеңес береді. Қолдан жасалған алкоголь ауыр улануға әкеліп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Жыл басынан бері Ақмола облысында полиция алкогольді заңсыз сатудың 340-тан астам дерегін анықталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар