Сиыр етінің экспорты 34,4 пайызға артты
2026 жылы Қазақстанда сиыр етінің экспорт көлемі ұлғайып, 43 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,4 пайызға жоғары. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қой етінің экспорт көлемі 30 мың тоннаны құраған.
«2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Құжат аясында еттің барлық түрі бойынша өндіріс көлемін 1,2 миллион тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін, ал ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы сүт өндірісін 1,4 миллион тоннадан 2,1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделген», – деп атап өтті министр.
Өнімділік көрсеткіштері бойынша да нақты межелер белгіленді.
Айтуынша, қазіргі таңда әрбір 100 сиырдан орта есеппен 64 бұзау алынады. Бұл көрсеткішті кемінде 80-ге жеткізу қажет. Ірі қара малдың тәуліктік орташа салмақ қосуын 600–800 грамнан 1,5–1,8 килограмға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ал заманауи сүт фермаларында әр сиырдан жылына алынатын сүт көлемін 10 мың литрге жеткізу көзделген.
Жыл басынан бері сиыр еті 3 618 теңгеден 3 810 теңгеге көтерілген. Айырмасы – 192 теңге. Жылқы еті 248 теңгеге немесе 6,1%-ға қымбаттап, 4 319 теңге болған. Қазақстан бойынша қой етінің орташа бағасы қаңтардағы 3 854 теңгеден қыркүйекте 4 530 теңгеге жеткен. Бір келісі 676 теңгеге немесе 17,5%-ға қымбаттаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026