Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК 21, 22 және 23 қарашаға арналған ауа рвйы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді», – деп хабарлады синоптиктер.
Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, еліміздің солтүстігінде көктайғақ құбылыстары болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026