Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтқан әйел айыппұл арқалады

kz.otyrar.kz

Түркістан облысында тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтқан әйел айыппұл арқалады

Түркістан облысының полицейлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзған әйелді анықтады. Тексеру барысында Жетісай қаласының 32 жастағы тұрғынының өз парақшасында тікелей эфирге шығып, көпшілікке әдепсіз сөздер айтқаны белгілі болды.

Моншада пилинг жасау қызметімен айналысатын әйелдің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіп пен моральдық-әдеп нормаларын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Алайда оның бұл әрекеті алғашқы құқық бұзушылығы емес. Бұған дейін де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты бұл жолғы әрекеті құқық бұзушылықтың қайталануы ретінде бағаланып, әкімшілік іс сотқа жолданды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 86 мың теңге айыппұл салынды. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын желідегі қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, көпшілік алдында әдеп нормаларын ұстануға және теріс әрекеттері үшін жауапкершілік бар екенін ұмытпауға шақырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар