5 күнде 115 адам қамауға алынды – ІІМ қатаң тосқауыл қойып жатыр
ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың рөлге отыруына қатаң тосқауыл қоюда. 5 күнде 115 адам қамауға алынды.
Polisia.kz хабарлауынша, жол қауіпсіздігі басты назарда. Кейбір жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылса да, автокөлік тізгіндеуден бас тартпай келеді.
«Сот тыйым салса да, олар заңды әдейі бұзып, басқалардың өміріне қауіп төндіреді. Соңғы бес күнде полиция осындай 245 жүргізушіні ұстады. Оның 115-і әкімшілік қамаққа алынды, 130-на айыппұл салынды. 245 көліктің бәрі арнайы айып тұрағына қойылды», – делінген хабарламада.
ІІМ мәліметінше, құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады.
Айта кететін жайт, қазанның алғашқы аптасында елде 366 888 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Олардың қатарында көлікті мас болып жүргізу, рөлде телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бар.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026