Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сингапурдан Астана мен Алматыға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Сингапурдан Астана мен Алматыға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Қазақстан Сингапур әуе компанияларын Астана мен Алматыға тікелей рейстер ашу мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Бұл мәселе Монреальда өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе көлігі жөніндегі 7-дүниежүзілік конференциясы аясында талқыланды.

Кездесуге Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хан Кок Джуан қатысты.

Талғат Ластаев Астана мен Алматы бағыттарының іскерлік және туристік сапарлар үшін әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан тарапы Сингапурмен әуе қатынасын кеңейтуге және рейстердің жиілігін арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Биыл қазан айынан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент – Санья – Сингапур бағыты бойынша аптасына екі рет рейс орындай бастады. Кездесуде бұл бағыттың ашылуы екі ел арасындағы көлік байланысын нығайтуға және туристік әрі іскерлік қатынастарды дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Тараптар әуе қатынасын кеңейтумен қатар, авиациялық қауіпсіздік, аэронавигация, цифрландыру және мамандар даярлау мәселелерін де талқылады.

Еске салайық, биыл Қазақстаннан 15 шақты елге жаңа рейстер ашылған. 2026 жылы Қазақстаннан Ереван, Ларнака, Гуанчжоу, Ұлан-Батыр, Батуми, Шанхай, Баку, Варшава, Ташкент, Орынбор, Измир, Үргеніш, Чунцин, Ханой және Прага қалаларына әуе рейстері ашылып, кейбір бағыттар қайта жанданды.

Жыл соңына дейін Шымкент – Санья – Сингапур, Орал – Мәскеу, Астана – Инин және Алматы – Токио бағыттары бойынша жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар