Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Тоқаевпен теннис ойнайтын лорд": «Самұрық-Қазынаны" кімге сеніп тапсыруға болады

kz.kursiv.media

Тоқаевпен теннис ойнайтын лорд: «Самұрық-Қазынаны кімге сеніп тапсыруға болады

«Самұрық-Қазына» қорын басқаруды тәжірибелі шетелдік маманға тапсыру керек. Бұл туралы Жеке акционерлер қауымдастығының (QAMS) атқарушы директоры Данияр Темірбаев Kursiv Talks подкасында айтты.

Оның пікірінше бұл басшылықты шенеуніктердің қысымынан қорғап, жемқорлық тәуекелін азайтуға көмектеседі. Сарапшы қорға жай ғана реформа емес, қызметі мен еншілес компаниялармен байланысын толық қайта қарау қажет деп санайды.

Темірбаевтың айтуынша, қордағы негізгі түйткілдердің бірі – шенеуніктердің ықпалы тым күшті. Ол басқару аппаратын қысқартып, жергілікті ықпалды топтармен байланысы жоқ басшы шақыруды ұсынады.

Мәселен, тәжірибесі мол шетелдік азамат, «рахметін айтамыз», «ренжітпейміз» деген сөздерді түсінбейтін британдық лорд болса тіпті жақсы дейді.

Алайда шетелдік төлқұжаттың өзі жеткіліксіз: ол шенеуніктерден тәуелсіз болып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыса алатындай мәртебеге ие болуы керек.

Сарапшы мұндай басшының үкіметпен ұзақмерзімді келісімшарты болып, тіпті демалыс сайын мемлекет басшысымен бірге теннис ойнап, оны теледидардан көрсетсе де артық емес деп есептейді.

Сонда айналадағылар оның президентке қаншалықты жақын екенін көріп, бейресми өтініштермен қысым жасауға батпайды.

Сарапшының пікірінше, мәселені бір басшыны ауыстырумен шешу мүмкін емес. Қордың өзі иелік ететін компаниялардың күнделікті жұмысына араласуын шектеуі қажет.

Темірбаев қорға стратегияны айқындап, тиімділік көрсеткіштерін белгілеп, басшылардың нәтижесін бағалау міндеті қалуы тиіс, ал күнделікті сатып алулар, келісімшарттар мен шаруашылық істерді кәсіпорындардың өзі шешкені жөн дейді.

Бұл талқы «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына байланысты өрбіген дау аясында өтті.

12 қарашада ҰҚК қызметкерлері «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевті ұстады.

Артынша әлеуметтік желілерде Астанадағы Қонаев көшесіндегі Atlant тұрғын үй кешенінің жанында долларға ұқсайтын бума ақша жатқаны түсірілген видеолар тарады. Тұрғындар ақша 12-қабаттан түскенін айтса, бір куәгер ақша салынған сегіз сөмке көргенін жеткізген.

Бірақ ҰҚК бұл оқиғаның ұсталған басшыларға қатысын ресми түрде растаған жоқ, ақша иелері де анықталмады.

Жақыпов қорды 2023 жылдың сәуірінен бері басқарса, Отыншиев ҚТЖ-ға 2026 жылдың 20 шілдесінде келіп, төрт айға жетпейтін уақыт ішінде ұсталған.

13 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде Тоқаев жемқорлық ортасын «Халықтық құрылысты» тежегісі келетін ел жаулары деп атады.

Ал 18 қарашада ҰҚК Жақыпов пен Отыншиевтің 12 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалып, 14 қарашада тергеу соты санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар