Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбылда жүргізуші куәлігінен айырылған 170-тен астам адам көлік тізгіндеген

kz.kursiv.media

Жамбылда жүргізуші куәлігінен айырылған 170-тен астам адам көлік тізгіндеген

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік жүргізген 170-тен астам адам ұсталды. Мұндай заңбұзушылық үшін айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері өңірдің патрульдік полицейлері бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың көлік басқаруының 171 дерегін анықтады.

Заңбұзушылықтар күнделікті патрульдеу кезінде әшкереленуде. Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын анықтаған соң, оқиғаның мән-жайын тексеріп, оны жауапкершілікке тартады.

Полиция ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабына сәйкес, жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін көлік тізгіндегені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы көзделгенін еске салды. Сондықтан тыйым салынған кезеңде рөлге қайта отыру жүргізуші үшін ауыр жазамен аяқталуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгергенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар