Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Белсенділер энергетикалық сусын сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр

kz.kursiv.media

Белсенділер энергетикалық сусын сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр

Қазақстандағы «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі энергетикалық сусындарды өндіруге, елге коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға толық тыйым салуды талап етті. Белсенділер ePetition платформасында арнайы петиция жариялады.

Петиция авторларының сөзінше, энергетикалық сусындар бірінші кезекте адам денсаулығына зиян. Олар қан қысымын көтеріп, жүрек жұмысына әсер етеді, ал кейбір сусындардың құрамында қант мөлшері өте көп.

Белсенділер энергетиктерді жиі тұтыну кофеинге тәуелділікке әкелуі мүмкін деп есептейді. Адам шаршаған кезде сергіту үшін энергетик ішеді, алайда оның құрамындағы кофеин ұйқыға кері әсер етуі мүмкін. Соның салдарынан келесі күні адам қайтадан энергетик ішуге мәжбүр болады.

«2022 жылғы HBSC зерттеуінің мәліметінше, Қазақстандағы 11-15 жастағы оқушылардың 20,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын, ал 3%-ы күн сайын ішкен. Қазір мұндай сусындарды 21 жастан бастап сатуға рұқсат етілген. Алайда петиция авторлары кәмелет жасына толу кофеиннің ұйқы мен қан қысымына кері әсерін жоймайтынын айтады.Жарнама мен кофеин мөлшеріне қойылатын шектеулер де қауіпті толық жоя алмайды. Сондықтан энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етеміз», – деп жазылған петицияда.

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған. Ал 2026 жылдан бастап бұл өнімдерге акциз енгізілді. Алайда «Әкелер одағы» бұл шараларды жеткіліксіз деп санайды. Ұйым энергетикалық сусындарды өндіруге, импорттауға, көтерме және бөлшек саудада сатуға толық тыйым салуды ұсынады.

Сонымен қатар белсенділер:

Петицияны белгіленген тәртіппен қарау үшін 50 мың азаматтың қолы жиналуы керек.

Оқи отырыңыз:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар