Оңтүстік өңірлерде 25 градусқа дейін күн жылынады
«Қазгидромет» синоптиктері 24, 25 және 26 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес оңтүстік өңірлерде ауа райы 28 градусқа дейін жылынады.
Синоптиктер алдағы күндері ел аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтетінін хабарлады. Соның әсерінен елдің көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін.
24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында нөсер жауын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түсуі ықтимал.
Ал ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы +15+25°С-қа дейін көтеріледі.
Бұған дейін «Қазгидромет» 23 қарашада елде болатын ауа райы болжамын жариялаған еді. Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар және жаңбыр аралас қар жауады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 22
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026