Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана – Атырау бағытына жаңа Stadler вагондары шығады

kz.kursiv.media

Астана – Атырау бағытына жаңа Stadler вагондары шығады

23 қарашадан бастап «Нұрлы жол – Атырау» пойызы жаңа Stadler вагондарымен қатынайды. Отандық вагондар қолданыстағы стандартты вагондардың орнына шығарылады.

Жаңартылған пойыз алғашқы сапарына 23 қарашада Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан аттанады. Жүру кестесі – күнара. Ал Атыраудан кері бағыттағы алғашқы рейс 25 қарашаға жоспарланған.

Пойыз құрамында тоғыз вагон болады. Купе вагондары 40, плацкарт вагондары 56 жолаушыға арналған. Вагондарда климатты реттеу жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, 220 В розеткалары, бейнебақылау және жүк орналастыру орындары қарастырылған. Сондай-ақ буфет жұмыс істейді.

Бағытта әйел жолаушыларға арналған арнайы вагон да сақталады. Ол пойыздың төртінші вагонына орналастырылады. Бұл вагонға билеттер тек әйелдерге сатылады, алайда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат етіледі.

Жаңа вагондарға билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Еске салайық, Қазақстанда құрастырылған Stadler жолаушылар вагондары 11 қарашада, алғаш рет жолға шықты. Жаңа құрам Астана мен Алматыны жалғайтын №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызына тіркелді. Астана – Алматы бағытынан кейін, 13 қарашада, Stadler вагондары Семей бағыты бойынша алғашқы сапарына аттанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар