Павлодар онкодиспансерінде 3,2 млрд теңгеге сәулелік терапия кабинеті ашылды
Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде сәулелік терапияға арналған сызықтық үдеткіш іске қосылды. Жаңа қондырғы сәулені ісікке дәл бағыттап, айналасындағы сау тіндерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 3,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа кабинетке 2026 жылы шығарылған америкалық Varian Medical Systems компаниясының TrueBeam сызықтық үдеткіші және немістің Siemens өндірушісінің SOMATOM go.Sim компьютерлік томограф-симуляторы орнатылған. Әкімдік мәліметінше, үдеткіш кез келген жерде орналасқан ісіктерді емдеуге жарамды. Ол сәулелену параметрлерін 10 миллисекундқа дейінгі аралықпен бақылайды, ал кейбір жағдайларда емдеу сеансы екі минуттан да аз уақыт алады.
Жоба өңірдің онкологиялық қызметін дамыту аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Кабинеттің ашылуына облыс әкімі Асайын Байханов, қордың басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ербол Бекмұхамбетов қатысты.
Өңір басшысы медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жаңа жабдықтармен шетелдік ғылыми орталықтарда арнайы даярлықтан өткен радиология бөлімшесінің мамандары жұмыс істейді.
- Соңғы
- Қараша, 20
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2026