Қарағанды облысында үш балықшы мұз астына түсіп, қайтыс болды
Қарағанды облысындағы Есен өзенінде үш балықшы жұқа мұз ойылып кетіп, суға батып көз жұмды. Құтқарушылар іздеу жұмыстары кезінде екі ер адамның және бір әйелдің денесін тапты. Бұл туралы КТК арнасы жазады.
Құтқару операциясы түнде басталған. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер мен кинологтар жұмылдырылып, дрон және жылу көрсететін дүрбі қолданылған. Шамамен бір жарым сағаттан кейін құтқарушылар марқұмдардың денесін судың 2,5 метр тереңдігінен, жағадан 10 метр қашықтықтан тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, балықшылардың салмағын көтере алмай, жұқа мұз опырылып кеткен.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мұз енді қатып жатқан кезде су айдындарына шығу өте қауіпті екенін ескертті. Тіпті жағадан бірнеше метр алыстағы мұздың өзі адам салмағын көтермеуі мүмкін.
«Құтқару операциясына ТЖД-ның төрт қызметкері, алты құтқарушы, бір кинологиялық топ және төрт техника жұмылдырылды», – деді Қарағанды облысы ТЖД басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда балықшының қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілікті
- Соңғы
- Қараша, 20
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2026