Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстаннан Иордания мен Алжирге әуе рейстері ашылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Қазақстаннан Иордания мен Алжирге әуе рейстері ашылуы мүмкін

Қазақстан Иордания және Алжир елдерімен тікелей әуе қатынасын дамыту туралы келіссөз жүргізді. Тараптар әр елдің әуе тасымалдаушыларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік беретін меморандумдарға қол қойды.

Канаданың Монреаль қаласында өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жетінші Дүниежүзілік әуе көлігі конференциясы аясында Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Иордания мен Алжирдің авиация саласындағы өкілдерімен кездесті.

Салтанат Томпиева Иорданияның Азаматтық авиацияны реттеу комиссиясы комиссарлар кеңесінің төрағасы Дейфалла Фараджатпен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Иорданияның ұлттық әуе тасымалдаушысы Royal Jordanian Қазақстанға тұрақты рейстер ашуға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ иорданиялық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келе жатқаны айтылды. Тараптар әуе қатынасын кеңейту екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Келіссөз қорытындысында екі елдің авиация билігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, әр тараптың әуе тасымалдаушылары аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алжирдің Ұлттық азаматтық авиация агенттігінің (ANAC) бас директоры Хасан Бульфельфельмен де кездесті.

Келіссөз нәтижесінде екі елдің авиация билігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ол әр тараптың тағайындалған әуе тасымалдаушыларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Алжир өкілдері әуе қатынасы туралы келісім жобасына алдын ала қол қойды. Бұл құжат екі ел арасында тұрақты әуе рейстерін дамытуға қажетті құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Кездесуде азаматтық авиация саласындағы техникалық ынтымақтастықты дамыту және авиациялық ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою мәселелері де талқыланды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Мальдив аралдары да аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігін қарастыратын уағдаластыққа келген болатын.

Әзірге Иордания мен Алжирге жаңа рейстердің нақты қашан ашылатыны, олардың бағыттары мен ұшу кестесі жарияланған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар