Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында төрт жол учаскесі ашылды
22 қараша күні сағат 13:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысы қайта ашылды. Аталған жолдармен барлық көлік түрінің жүруіне рұқсат берілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қозғалыс төрт жол учаскесінде қалпына келтірілді.
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Қостанай – Мамлютка» автожолының 226–406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Мамлютка қаласына дейін);
«Петропавл – Соколовка – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 11–73 шақырым аралығы (Петропавл қаласынан Ресей шекарасына дейін);
«Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 491–521 шақырым аралығы (Петропавл қаласынан Мамлютка қаласына дейін).
Қостанай облысында:
«Қостанай – Мамлютка» автожолының 163–226 шақырым аралығы (Ұзынкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Жүргізушілер жолдардың қазіргі жағдайы мен қозғалысқа қойылған шектеулер туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы ала алады.
- Соңғы
-
-
-
- Қараша, 21
-
-
-
- Қараша, 20
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қараша 2026