Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді

kz.kursiv.media

Қазақстанда 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Қазақстанда қарашаның алғашқы он күнінде есірткіге қатысты 56 құқық бұзушылық анықталып, 35 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді, Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алматы, Шымкент және Павлодар қалаларында есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталған.

Алматыда полиция қызметкерлері 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның автокөлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин психотроптық заты тәркіленді.

Шымкентте 21 жастағы тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан жарты келі синтетикалық есірткі табылған. Полиция мәліметінше, күдікті есірткіні қала аумағында сатуды жоспарлаған.

Ал Павлодарда 32 жастағы әйел қолға түсті. Одан 1,5 келіге жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, әйел әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері болып жұмысқа орналасқан. Ол тыйым салынған заттарды тарату үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келген.

ІІМ мәліметінше, қарашаның алғашқы онкүндігінде есірткіге қатысты 56 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 35-і қылмыс санатына жатады.

Ұсталған 35 адамның: 19-ы есірткі сатуға, 3-еуі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтауға, 8-і есірткі контрабандасына, 3-еуі улы заттардың заңсыз айналымына, 1-еуі есірткі өсіруге, 1-еуі есірткіні насихаттау мен жарнамалауға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Жалпы заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның ішінде 190 келі марихуана, шамамен 13 келі синтетикалық есірткі және 4 келі гашиш бар.

Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар