Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық спортшы финалда жапониялық Шокей Хираномен кездесті.
Шешуші белдесуде Санжар Ерұланұлы қарсыласын жеңіп, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған әлем чемпионатындағы екінші медалі.
Бұған дейін 100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асқар Біржанов қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге бір алтын және бір қола медаль бар.
- Соңғы
-
-
-
- Қараша, 21
-
-
-
- Қараша, 20
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қараша 2026