Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде алғаш рет Түркістан сілеусіні спутник арқылы бақыланады

kz.kursiv.media

Елде алғаш рет Түркістан сілеусіні спутник арқылы бақыланады

Елде алғаш рет Түркістан сілеусіні спутник арқылы бақыланады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

2026 жылдың 20 қарашасында Алматы облысының Кеген ауданында Алғабас ауылы маңындағы Шелек өзенінің бойында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сілеусін анықталды. Бұл аумақ «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің шекарасына іргелес орналасқан. Бақылау кезінде жыртқыш шибөрі өлексесімен қоректеніп жатқан.

«Содан кейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары бірлесіп, сілеусінді ұстап, физиологиялық жағдайын бағалады және GPS-қарғыбау орнатты», – деп хабарлады комитет.

Енді сілеусіннің қайда жүргенін спутник арқылы бақылауға болады.

Бұған дейін «Ертіс орманы» табиғи резерватын мекендеген екі сілеусін фототұзаққа түсіп қалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар