Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да үш апта бұрын жоғалып кеткен бір үйір жылқы дрон көмегімен табылды

kz.kursiv.media

ШҚО-да үш апта бұрын жоғалып кеткен бір үйір жылқы дрон көмегімен табылды

Шығыс Қазақстан облысында үш апта бұрын жоғалып кеткен 30 жылқы дронның көмегімен табылды.

Polisia.kz хабарлауынша, жылқы иесі алдымен өз бетінше іздеген. Жұмысы нәтиже бермеген соң Марқакөл ауданының полициясы көмекке барған. Олар жоғалған үйірдің қай жерде жүргенін бірнеше сағат ішінде анықтады.

«Таңертең Ақбұлақ ауылының тұрғыны жоғалған жылқыларын іздеуге көмек сұрап, полицияға жүгінген. Қызметкерлер өтінішті қабылдай салысымен іздестіру жұмыстарына кірісті. Аумақтың кеңдігі мен жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып, іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды», – деп хабарлады полиция.

Дрон көмегімен түске қарай полицейлер жоғалған 30 бас жылқыны тауып, иесіне қайтарды.

Полиция мал жоғалған жағдайда уақыт оздырмай, 102 нөміріне хабарлау қажет екенін еске салды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында полицейлер дронның көмегімен жоғалып кеткен 12 жылқыны тапты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар